Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында республикалық “Жеңіс” жобасының аясында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне сақтандырғыш тетігі бар ұялы телефондар тарту етілді.
Жақында осындай сыйлыққа петропавлдық майдангерлер де ие болды. Олардың қатарында облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің еңбек ардагерлері, өрттен қорғау қызметінің жүгін ұзақ жылдар бойы арқалаған үлгілі тәлімгерлер Василий Терейковский мен Мұқатай Айтбаев та бар.
Салтанатты рәсімде олардың майдандағы және бейбіт еңбектегі өнегелі іс-қимылдары тілге тиек етіліп, “Өрт сөндіруші” АҚ облыстық филиалының директоры Сағынбай Уәлиев пен волонтер Павел Мамонтов қос офицерге осындай тарту жасады.
Батыр САДЫҚОВ.
Петропавл қаласы.