«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Облыс әкiмi Құмар Ақсақаловтың өкiмiмен Ерболат Мұратұлы Бекшенов облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Ерболат Бекшенов 1973 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Чкалов ауданы Зеленый Гай ауылында туған, 2006 жылы Орталық Азия университетiн экономист мамандығы бойынша бiтiрген. Еңбек жолын “Бекшенов” шаруа қожалығында бастады. Кейін “Ет” ЖШС-де маркетинг бөлiмiнiң меңгерушiсi болды. Тайынша ауданындағы Донецк ауылдық округiнiң әкiмi, Мамлютка қаласы әкiмiнiң орынбасары, Мамлют ауданы әкiмiнiң орынбасары қызметтерiн атқарды.

2014-2018 жылдар аралығында Мамлют ауданының әкiмi, ал 2018 жылдың қаңтар айынан бастап осы тағайындауға дейін облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы болды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp