«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУЫЛДАҒЫ СУРЕТ КӨРМЕСІ

Қызылжар ауданының Петерфельд ауылында еңбек ардагері, суретші Мария Герасимованың ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған жеке көрмесі өтуде.

Мария Герасимова көбіне төбесі көк тіреген тауларды, мөлдір, тұнық көлдерді бейнелегенді ұнатады екен. Мәселен, “Аспан” атты туындысында автор күз мезгіліндегі Есіл өзенінің жағасын суреттепті. Бұл картинаны суретші акварель бояуымен салған. “Мен картинада аспандағы бұлттар мен өзендегі толқынды желдің бағытына байланысты бейнеледім. Табиғат аясындағы мұндай құбылысты суреттеу қиын болғанымен, туындыны шамамен он сағаттың ішінде аяқтадым”, – дейді қылқалам иесі.

Картиналарының басым көпшілігінің дүниеге келуіне әсем табиғатымыз себепкер болыпты. Автордың пікірінше, жасыл желекке бөленген, өзен-көлдерге толы өңіріміздің көз тоймас көріністері адам бойына ерекше шабыт беріп, тамаша туындылар салуға ынталандырады.

Мария Герасимованың еңбектерін ауыл тұрғындары ерекше ықыласпен тамашалауда. Солардың бірі – Петерфельд орта мектебінің оқушысы Нина Зенченко. Ол “Қысқы пейзаж” картинасын тамашалай тұрып: “Бұл картинада тұп-тура біздің ауыл бейнеленгендей. Ақ көрпеге оранған шағында әр ауыл осы суреттегідей ерекше көрініске ие болады емес пе? Әсем туындыға қарап тұрып, адам бойын туған ауылға деген сүйіспеншілік сезім билейді екен”, – деді.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp