2016 жылғы 23 маусым күні ішкі істер органдарының бөлімдерінде Қазақстан полициясы күніне орай бірыңғай “Ашық есік күні” өтеді. Тәртіп сақшыларының қызметіне қызығушылық танытқандар болса таңертеңгі сағат 10.00-ден 15.00-ге дейін ішкі істер департаментінің мұражайына (Қазақстан Конституциясы к-сі, 70), кинологиялық қызмет орталығына (4-ші Кірпішті к-сі, 31а), жергілікті полиция қызметіне (Володар к-сі, 18) және аумақтық полиция пункттері мен “Шеп” бақылау-өткізу пункттеріне бара алады. Сондай-ақ, қабылдаулар аудандық ішкі істер бөлімдерінде де өткізілмек.
Динара САҒЫНДЫҚОВА,
облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің аға инспекторы.