Облыстық перинаталдық орталықтың жанындағы “Ана мен бала” саяжолында шырша көшеттері отырғызылды. Елімізде бастау алған бұл акцияға облыстық іскер әйелдер қауымдастығы қолдау білдірді.
“Ана мен бала” аллеясының көркеюін жақсылыққа балаған перинаталдық орталықтың бас дәрігері Жанна Мауытова іскер әйелдер қауымдастығының өкілдері 2011 жылдан бері мұнда ағаш егуді дәстүрге айналдырғанын жеткізді. Оның да өзіндік сыры бар. Адам ұрпағымен мәуелі бәйтеректей жайқалса, орталықтың айналасындағы жасыл көшет те тамырын тереңге тартып, табиғат пен пенденің егіз ұғым екенін аңғартып тұрғандай.
– Іскер әйелдер қауымдастығы еліміздің әр өңірінде осындай акция ұйымдастыруда. Сәбидің дүниеге келуі әр ата-ана үшін үлкен қуаныш. Отбасы – адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі. Отбасы құндылығына тең келер дүние жоқ, – деді облыстық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Бақытжан Сәмиева.
Халықаралық отбасы күнінде облыстық перинаталдық орталықта он алты сәби дүние есігін ашып, сонша шырша көшеті отырғызылды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp
Соңғы жаңалықтар
- 26.08.2025
- 1 қаралым
- 26.08.2025
- 2 қаралым
- 26.08.2025
- 1 қаралым
- 22.08.2025
- 5 қаралым
- 22.08.2025
- 7 қаралым