«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АҚША АЙЫРБАСТАҒАНДАРДЫҢ АТЫ-ЖӨНІ ТІРКЕЛЕДІ

Ұлттық банк өкілдері “Қазақстан Рес­­пуб­ликасында қолма-қол шетел ва­лю­тасын айырбастау опера­ция­ларын ұйым­дастыру ережелеріне өз­герістер ен­гізу туралы” қаулыға тү­сі­ніктеме берді.
Жаңа ережеге сәйкес қазір айыр­бас­тау пунктінің ең төменгі жарғылық ка­питалы Нұр-Сұлтан қаласында, рес­публикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарында орналас­қан айырбастау пунктері үшін 100 мил­лион теңгені құрайды.


– Біріншіден, барлық банктік емес айырбастау пунктері үшін орналас­қан жеріне қарамастан, 100 млн. тең­ге мөл­шерінде жарғылық капитал бо­луы тиіс болатын. Қазір ауылдар мен шағын қа­ла­ларда орналасқан нысан­дар үшін жар­ғылық капиталдың мөл­шері 50 млн. теңгеге дейін азайтыл­ды. Екінші­ден, бұл норманы енгізу уақыты ауыс­ты­рылды. Бастапқыда талапты 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізу жос­парланған. Түзету­лерге сәйкес рес­публикалық маңызы бар қалаларда орналасқан ұйымдар үшін норма 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап, ал облыс­тардың және облыс­тық маңызы бар қа­лалардың әкім­шілік орталықтарында 2020 жыл­дың 1 шілдесінен бастап кү­ші­не ене­ді, – дейді Ұлттық банктің қол­ма-қол ақша айналымы департаменті­нің ди­ректо­ры Жомарт Қажымұратов.
Сонымен қатар жаңа ережеге сәй­кес айырбастау пункттері 1 ақпаннан бастап 9.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Ұлттық банктің қолма-қол ақ­ша айналымы департаментінің ди­рек­­­торы Жомарт Қажымұратовтың ай­туын­ша, жұмыс кестесі айырбастау пунк­тері мен олардың клиенттерінің қа­уіпсіздігіне байланысты өзгеріп отыр. Бұл шара кешкі және түнгі уа­қыт­та қол­ма-қол шетелдік валютаны сатып алу­да валюта курсының өсу фактілерін болдырмауға, халық ара­сында негізсіз дүрлігу болмауына көмектеседі.
Әуежай, темір жол арқылы Қазақ­станға келетін/кететін және мем­ле­кеттік шекара арқылы өткізу пунк­тін­де­гі адамдар үшін тәулік бойы жұмыс істейді. Ал бірінші са­наттағы ірі сауда орта­лықтарында сағат 9.00-ден 22.00-ге дейін ашық. Сондай-ақ, енді ақша айырбас­тау пунктері әр опера­цияны журналға тіркеп отырады. Яғни, ақпаннан бас­тап ақша айырбас­таған адамның аты-жөні мен жеке куәлігінің нөмірі жазы­ла­ды. “Әр айыр­бастау операциясынан кейін қызмет­керлер журналға адам­ның жеке куә­лігіндегі мәліметтерді (тегі, аты, әке­сінің аты), бе­рілген күнін, құ­жаттың нө­мірін, жа­рамдылық мерзі­мін жазып алады. Со­нымен қатар жа­ңа талап бойынша айыр­бастайтын ақ­шаның көлемі 500 мың теңгеден ас­пауы керек”, – дейді Жо­март Қажымұ­ра­тов. Оның айтуын­ша, бұл – әлемнің көпте­ген елінде қол­данылатын халық­а­ралық тәжірибе.

 

Алма ҚОСПАНОВА.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp