Бүгін елімізде «Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн» деп аталатын акция басталды.
Шараның мақсаты – балалар еңбегін пайдалану проблемалары, осы сала бойынша халықаралық және ұлттық заңнама туралы жұртшылықты ақпараттандыру. Қазақстан Республикасындағы еңбек заңнамасына сәйкес бала еңбегін қанауға, оларға еріксіз жұмыс істетуге тыйым салынған.