«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАЛА КҮЛКІСІ БӘРІНЕН ҚЫМБАТ

Петропавлдағы “City Mall” сауда ойын-сауық кешенінде “Мой ребенок” қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен аутизммен ауыратын балаларды қолдау мақсатында қайырымдылық шарасы өтті.

– Мұндай дертке шалдыққан балаларды қолдау үшін түрлі жобалар қолға алынды. Оның ішінде шығармашылық фотожобаны іске асыруды жоспарлаған болатынбыз. Шарада балалардың көңілін көтеріп қана қоймай, қайырымдылық жәрмеңкесін өткіздік, – деді қоғамдық бірлестіктің төрайымы Елена Чмель.

Дамуында ауытқушылығы бар балалардың көңіл күйін көтеріп, оларға қуаныш сыйлау үшін концерттік бағдарлама да ұсынылды. Қайырымдылық фотокөрмесіне он алты бала қатысты. Ал шараға Жанат Жақиянов, Сайран Хамзин, Алена Любушак, Ксения Шалькина сияқты тағы басқа есімдері өңірімізге белгілі азаматтар қолдау білдіріп, демеушілік көмек көрсеткенін айтқан жөн.

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,

“Soltústіk Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp