«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАЛАЛАР ЖАРАҚАТЫ КӨП

Жарақаттану барлық жастағы адамдардың өмірі мен денсау­лығына қауіп төндіреді. Бүгін­де ба­лалар арасында жарақаттану жиі кез­де­седі. Әсіресе, кішкен­тай­лар­дың көппәтерлі тұр­­ғын үй­лердің терезесінен құлау жағдай­ла­ры жиі­леп кетті. Оқыс оқиға­ның ал­дын алу үшін ата-аналар қауіп­сіздік ере­желерін сақ­тап, ба­ла­ны назар­дан тыс қалдырмауы тиіс.

Қазір қыс мезгілі болғандық­тан, көшеде де жа­рақат алу жағ­дайла­ры жиіледі. Мер­тігуге көк­тайғақ себеп болады. Қоғамдық кө­лік­терде де қауіпсіз­дік ережелерін есте ұс­таған жөн. Әсіресе, авто­бус­тың тайғақ саты­сы қа­уіпті. Оқыс оқиға­лардың алдын алу үшін жаяу жүр­гіншілер сырт киім­ге ерекше на­зар аударған жөн. Жарық қайтар­ғышы бар киім көз­ге бірден түсе­ді. Сон­дықтан қа­зір жа­рық шағы­лыс­тыр­ғыш эле­мент­тері бар ба­ла­лар мен ересек­терге арналған киім­дер, ак­сес­суар­лар сауда же­лісін­де кең та­ралған. Жаяу жүр­гін­ші­ле­рге өкше­сі тегіс, табаны ор­нық­ты аяқ киім киюге кеңес береміз.
 

Бибігүл БЕГЕНОВА,
облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің жетекші маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp