«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАЛУАНДАР ЕРЛЕДІ

Жуырда Ақтау қаласының 55 жылдығына орай Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін VI халық спорты ойындары өткен болатын.

Сайысқа еліміздің барлық өңірлерінен 17 команда, 2 мыңға жуық спортшы қатысты. Төрт жылда бір рет өтетін дода спорттық сайыстардың 13 түрі бойынша өтті.

Төрт күнге созылған жарыс барысында петропавлдық “Қызылжар арландары” кәсіпқой клубының балуандары сәтті өнер көрсетіп 3 алтын, 1 күміс және 1 қола медальға ие болды. Атап айтқанда, Мейіржан Мерекетов (60 кг.), Мұхит Тұрсынов (100 кг.) және Назгүл Маратова (78 кг.) алтыннан алқа тағынса, Қуаныш Ысқақов (66 кг.) – күміс, ал Батырхан Қайырбек (74 кг.) қола медальға қол жеткізді.

Қанат АТАМАНОВ,

“Soltústіk Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp