«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Балыққа барып, суға кетті

Облысымызда суға батып кеткендердің қатары азаймай тұр. Жыл басынан 8 адамның ажалы судан келсе, оның үшеуі – бала.

Осындай өкінішті жағдайлардың бірі – өткен сенбі күні Новопавловка ауылында орын алды. Белгілі болғандай, “Огонек” саяжай қоғамының аймағындағы су айдынында 2007 жылы туған қыз бала суға батқан. Туысқандарына Петропавл қаласынан қонаққа келген бүлдіршін атасымен бірге балық аулауға барған. Кейін өзеннің ағысы қатты жерінде суға шомылмақ болған. Атасы қауіпті жерден жағалауға шыға алса, кішкентай қыздың ағысқа әлі жетпей, су түбіне кеткен.

Оқиға орнындағы іздестіру жұмыстарына облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің жедел-құтқару жасағының іздестіру тобы мен жергілікті полиция қызметінің мамандары, еріктілер, барлығы үш жүзден астам адам, тоғыз арнайы техника, он қайық жұмылдырылды. Кешкі сағат 19.00-ге дейін жалғасқан іздестіру жұмыстары ауа райының кенеттен бұзылуына байланысты уақытша тоқтатылып, кеше жалғастырылды. Әзірге баланың мүрдесі табылған жоқ.

Евгений ЖУРАВЛЕВ,

облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp