«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАТЫЛДАН АЖАЛ ҚАЙМЫҒАДЫ

Батылдық, қайсарлық секілді қасиеттер қиын сәттерде адам өміріне араша түсетін ізгі мамандық иелеріне тән. Тәртіп сақшылары да қым-қуыт жұмыс барысында ерлік жасап, көпшіліктің ілтипатына бөленіп жатады. Жақында полиция қызметкерлері Арман Тасжанов, Нұрсұлтан Дәуренбеков, Медет Сәрсекеев, Аслан Белгібаев 19 жастағы облыс тұрғынын ажал аузынан алып қалды.

Полицейлердің баяндауынша, Есіл өзенінің маңынан көмекке шақырған дауысты естіген қала тұрғыны бірден полиция бөлімшесіне хабарласады. Шақырту түскеннен кейін тәртіп сақшылары уақыт оздырмай, оқиға орнына жетіпті. Арман Тасжанов пен Нұрсұлтан Дәуренбеков ойланбастан өзенге секіреді. Бірақ түн қараңғылығы суға батып бара жатқан адамды тауып алуға кедергі болыпты.

– Полицейлерді көмекке шақырған облыс орталығының тұрғыны да оқиға орнынан кетіп қалмай, өзен маңын жарықтандыруға жәрдемдесті, – дейді олар. Әріптестеріне көмекке Медет Сәрсекеев пен Аслан Белгібаев келді. Абырой болғанда, олар жағадағы қамысқа жармасып, жан сақтаған жас жігітті тауып, шетке шығарды.

Айгүл ЫСҚАҚОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp