Шал ақын ауданындағы Сергеевка қаласында «Audi 80» маркалы автокөлік электр желісі бағанасына барып соғылды.
Көлікте қысылып қалған жүргізуші өз бетімен шыға алмады. Оқиға орнына келген құтқарушылар апаттық-құтқару құралдарының көмегімен адамды көліктен алып шықты.