«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Бейімделуге көмек

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментте биыл қызметке жаңадан қабылданған жас өртсөндіруші-құтқарушылар ұдайы назарда. Мекеменің тәжірибелі мамандары жас кадрларды қамқорлықтарына алып, оларға өздерінің білгендерін үйретуден жалыққан емес.

Жасыратыны жоқ, бұл кәсіпке алғаш қадам басқандар бейімделу кезеңінде үлкен қиындықтарды бастан өткереді. Тек жәгерлі, қалаған мамандығын меңгеруге деген талпынысы мен шыдамдылығы бар қызметкер ғана біртіндеп оның барлығын еңсереді. Дәл осы кезеңде құтқарушылардың дүниетанымы мен азаматтық көзқарастарының қалыптасу үрдісі де белсенді дамиды. Олардың тұрақты өмірлік мақсаттары, қоғамға, қызметіне, өзінің жұмысына, мінез-құлқына, жолдастарына деген қөзқарасы мен пікірі кәсіби даярлығын жетілдіре түседі.

Лаура ШАЙКЕНОВА,

облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің кадрлармен жұмыс істеу бөлімінің

бас маман-психологі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp