
Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында “Үш сопрано” атты гала-концерт өтті.
Онда қызылжарлықтарға Н.Лы-сенко атындағы Харьков ұлттық академиялық опера және балет театрының әншісі Вероника Пог-ребная-Ляликова, Станиславский мен Немирович-Данченко атын-дағы Мәскеу академиялық музыка театрының әртісі Мая Барковская, Америка Құрама Штаттарының “Маджестик театр” және “Балтимор опера” театрларының әртісі Ольга Орловская облыстық эстрадалық-симфониялық оркестрдің сүйемел-деуімен өнер көрсетті. Олар Дж.Пуччинидің, Штраустың, Ро-ссинидің, Вердидің, Дунаевскийдің және өзге сазгерлердің шығар-маларын орындады.
(Өз тілшімізден).