«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БИЗНЕСТІ ДЕ БАСТАУ ҚИЫН

Петропавл қаласында жас кәсіпкерлерге арналған “Болашақ жастар үшін” өңірлік семинары өтті. Ол “Жобаны басқару негіздері” тақырыбына арналды. 

Шараны облыстық Кәсіпкерлік және туризм басқармасы, Қазақстан Республикасы Президентінің “Болашақ” халықаралық стипендиясы стипендиаттарының қауымдастығы” АҚ, “Холдинг “Кәсіпқор” ұлттық акционерлік қоғамы ұйымдастырды. Еліміз бойынша алғашқы болып Петропавл қаласында өткен семинарға Қостанай, Павлодар, Ақмола, Қарағанды облыстары мен Астана қалаларының жас мамандары, кәсіпкерлері, “Болашақ” бағдарламасының түлектері қатысты.

“Кәсіпқор” Холдингіндегі Инновация және Даму орталығының директоры, дәріскер-жаттықтырушы Талғат Аяпбергенов қатысушыларға жобаларды басқару негіздері, жобаны жоспарлау, оның тәуекелдігін басқару, үдерістердің жүргізілу барысы, жобалық командаларды қалыптастыру, басқару мәдениеті, менеджменттің жобадағы рөлі туралы айтып, жұмыста жиі қолданылатын “жоба”, “бағдарлама”, “жобаны басқару” терминдерімен таныстырды. Айтылғандардың барлығы топтарға бөлініп, жұмыс істеу барысында пысықталды.  

Шарада слайд арқылы кәсіпкерлікті дамытудағы жеке тиімділікті арттыру жолдары көрсетіліп, тәуекелдерге талдау жасаудың озық әдістері, жобаның Жарғысын жасау, құрылымдық ұйымдастыру, бағалау, қаржыландыру жолдары қарастырылды. Сондай-ақ, өзгерістерді басқару және ой әрекеттерін ұйымдастыру, сараптамалық қауымдастықты шоғырландыру және дамыту, кәсіпкерлік және инновациялық әлеуетті дамыту мәселелері де сөз болды.

Қатысушылар шараның сарапшыларымен жеке әңгімелесу барысында өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

Ләйла ЖАНЫСОВА,

“Солтүстік Қазақстан”. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp