Жақын арада “Биохим” зауытын қалпына келтіру жұмыстары басталады. “Қазақстанның инвестициялық қоры” Тайынша қаласындағы барлық салалық активтерді шоғырландыру жұмысын аяқтайды. Қазір активтерді “ҚазМұнайГаз – қайта өңдеу және маркетинг” АҚ-ға өткізу мәселесі шешіліп жатыр. Келісім 2016 жылдың ақпанында аяқталады деп күтілуде. Жоба құны шамамен 38,5 млн. АҚШ долларын құрайды. Зауытта қалыпқа келтіру жұмыстары жақын арада басталмақ”, – деп хабарлады Қазақстанның инвестициялық қоры.
Жоба импортты алмастыруды және елдің жанар-жағармай қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейді. Жобаны іске қосу бұрынғы жұмыс орындарын жаңғыртып, жаңасын құруға септеседі. Бұрын мұнда 371 адам жұмыс істеген. Жобаны іске қосқанда алғашқы кезеңде бюджет 86 млн. теңгеден астам қаржыға толығады деп күтілуде. Қазақстанның инвестициялық қоры “ҚазМұнайГаз – қайта өңдеу және маркетинг” АҚ және Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігімен өндірісті іске қосу бойынша кешенді шаралар жоспарлады. Өндіріс қуаттылығының техникалық аудиті аяқталды, өндірісті іске қосу кезеңдері анықталып жатыр.
“ҚазАқпарат”.