Өңіріміздің би ұжымдары арасында “Dance Battle” байқауы өтті. Сайысқа қатысуға 20-дан астам ұжымнан өтінім келіп түскен. Олардың 12-і финалға жолдама алды.
– Қатысушылар ақтық кезеңде заманауи, яғни хип-хоптың барлық элементтерін орындауы тиіс. Жүлделі орынға ие болу үшін олар қазылар алқасына ерекше би қойылымын, жаңадан бір техника көрсетулері керек. Біздің басты мақсатымыз облыстың талантты жастарын анықтап, оларға барынша қолдау көрсету, – дейді “Жастар саламатты өмір салты үшін” қоғамдық бірлестігінің төрайымы Лидия Грабарь.
Байқауда сәтті өнер көрсеткен “Станция” би студиясы осыдан бір жыл бұрын құрылған.
– Біз бидің брэйк-данс, дэнс холл, вакинг, паппинг секілді бірнеше түрін меңгергенбіз. Байқауда 5 бірдей ұжымымыз өнер көрсетті, – дейді би студиясының директоры Есмұхамбет Иманбаев.
Рабиға ЕРАЛЫ,
“Soltüstık Qazaqstan”.