«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БОКС АРДАГЕРЛЕРІНІҢ ДОДАСЫ

Петропавлдағы теннис орталығында бокстан ардагерлер арасында «Ринг патшасы – 2019» атты облыстық ашық турнирдің ақтық кезеңі өтті. Бұл жарыста жасы 35-тен асқан спортшылар алты салмақ дәрежесі бойынша кіл мықтыны анықтады. 

Осымен үшінші рет ұйымдастырылып отырған доданы тамашалау үшін келген адамдардың қатары қалың болды. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов, Петропавл қаласының әкімі Болат Жұмабеков пен бокстан ұлттық біріншіліктің үш дүркін чемпионы, Еуропа чемпионатының жеңімпазы, Гаванада өткен «Дружба» әлем кубогының және халықаралық турнирдің күміс жүлдегері, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері Серік Нұрқазов спорттық шараның құрметті қонақтары ретінде қатысты.

Доданың қорытындысы бойынша бокстан КСРО-ның спорт шебері атыраулық Адик Бермешев, петропавлдық Мұрат Құрманғожинов, Нұр-Сұлтан қаласының өкілі, ҚР спорт шебері Александр Лучшев, қарағандылық Қуаныш Исембаев пен Тимур Байсеркеев пен Ресей Федерациясының спорт шебері, Омбы шаһарының намысын қорғаған Сайран Смайылов өздерінің салмақ дәрежелерінде өткізілген жекпе-жектердің қорытындысы бойынша бірінші орындарға қол жеткізіп, «Ринг патшасы – 2019» турнирінің жеңімпаздары атанды.
Бірінші орынды еншілеген қатысушылар жеңімпаздарға арналған белдіктермен, медальдармен және 150 мың теңге ақшалай сыйақымен марапатталды. Ал екінші және үшінші орынның иегерлеріне медальдар мен 100 және 50 мың теңгенің ақшалай сыйақысы табыс етілді.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp