Петропавлдың өнеркәсіп аймағындағы көп уақыттан бері бос тұрған ғимараттардың бір бөлігі биыл қалпына келтірілмекші.
Ғимараттар алдымен бюджет қаржысына сатып алынып, жөндеу жұргізіледі, оларға коммуникациялар тартылады, содан кейін жаңа өндірістер ашу мақсатынды инвесторларға ұсынылады. Кәсіпкерлер алғашында тек коммуналдық қызметтердің ақысын төлейді, кейін ғимаратты толық сатып алатын болады, сөйтіп мемлекеттің шығыны орнына келеді. Жергілікті билік осылайша шағын бизнеске қолдау көрсетпекші.