«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІР КҮЛДІРІП, БІР ЖЫЛАТТЫ

Өңірімізге гастрольдік сапармен Алматыдағы «Шам» театры келді. Өнер ұжымы Қызылжарлықтарға «№37» спектаклін ұсынды. Қойылымды тамашалауға қала тұрғындарынан бөлек облыс орталығынан шалғайда жатқан аудандарданда көрермендер келді.

«Шам» театрының құрылғанына төрт жыл толды. Осы уақыт ішінде еліміздің көптеген өңірлеріне барып, театрсүйер қауымның ыстық ықыласына бөленіп үлгерген. «Жергілікті жұртшылықтың Сағызбай Қарабалин, Тынышкүл Сұлтанбердиева, Лиза Серікова сынды өнер майталмандары­на қошеметі ерекше болды. «№37» спектаклі 20-шы қарашадан бастап Қа­зақстанның барлық кинотеатрынан фильм ретінде де көрсетілетін болады», – деді қойылым режиссері Фархат Молдағали.

«№37» спектаклі – бүкіл қоғамның дертті екенін, ол дерттің еш жазылмай­тынын, жазуға ешкімнің құлықсыз екенін ашық көрсеткен қойылым. Ананы ауру қылған бала, баланы тың­дауға құлықсыз әке, соқыр қызғаныш­қа бой алдырып, бауырын бауырына баса алмаған аға, сүйіктісіне қосылып, баласын иіскей алмаған әке. Бір- бірінің жүрек үнін естуден қалған кейіпкерлердің ащы мұңы қоғамдағы қазіргі келеңсіздіктермен үндеседі. Қойылымның басты кейіпкері Расул өзін тыңдағысы келмейтін отбасынан кету туралы шешім қабылдайды. Сүйіктісі­нен айрылған Зейнеп жігітінің ағасы Әнуарға тұрмысқа шығып, бақытсыз ғұмыр кешеді. «Зейнептің тағдырын қайталаған жандар біздің қоғамда да жоқ емес. Қай ана болмасын өз бала­сының толыққанды отбасында тәрбие­ленгенін қалайды. Зейнеп те сол сияқ­ты ішкіш Әнуарды сүймесе де, баласы­ның әкесіз өспегенін қалап, тұрмысқа шығады», – дейді актриса Зарина Кар­мен.

Көрерменді бір күлдіріп, бір жы­латқан қойылым соңында Н. Погодин атындағы облыстық орыс драма теат­рының директоры Спартак Рамазанов алматылық меймандарға жүрекжарды лебізін білдірді.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp