«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Біркүндік еңбекақыларын аударды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері коронавирустың таралуына қарсы күреске үлес қосу мақсатында біркүндік жалақыларын аударып, медициналық ұйымдарға қайырымдылық көмек көрсету үшін шамамен 27 млн. теңге қаржы жинады. Жиналған қаражатқа 25 оттегі концентраторы сатып алынды. Олар өңірлер арасында тең бөлінетін болады.

Сондай-ақ, екі ел арасындағы өзара ынтымақтастық аясында Оңтүстік Корея тарапынан Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберілген болатын. “Эйр Астана” әуе компаниясының қолдауымен құны 50 мың АҚШ долларын құрайтын жалпы салмағы 1,5 тонна жүк Алматы әуежайына жеткізілді. Гуманитарлық көмек “СҚ-Фармация” ЖШС-і арқылы медициналық мекемелерге жіберіледі.

Агенттіктің аумақтық бөлімшелері жұртшылық өкілдерімен бірлесіп жүкті тұтынушыға дейін жеткізуді қамтамасыз етеді. Гуманитарлық тауарды мақсатсыз пайдалануға жол бермеу үшін барлық келіп түскен дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар “Гуманитарлық көмек – ТЕГІН” арнайы мөртаңбасымен таңбаланады. Антикордың ұсынысымен бірыңғай дистрибьютордың ресми сайтында арнайы бөлім құрылды, онда кез келген адам елге келіп түскен гуманитарлық көмектің қалай бөлінгені туралы ақпаратпен таныса алады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің баспасөз хатшысы Жан Айтмағамбетовтің хабарлауынша, бағаны қымбаттатпау мақсатында дәріханаларда ақпараттық брошюралар таратылуда. Онда “COVID-19” және вирустық пневмонияны емдеуге қолданылатын дәрі-дәрмектердің шекті бағалары көрсетілген.

Роза ШӘКЕНОВА,

“Soltústik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp