«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІРЛІГІ КҮШТІ ОЗАДЫ

“Даму-Көмек” бағдарламасы аясында өз ісін жаңа бастаған мүмкіндігі шектеулі Кенесары Жолдаяқовқа жеке кәсіпкер “Жақаев Қ.М.” компаниясының тарапынан құрылыс материалдары түрінде демеушілік көмек көрсетілді.

Кенесары Жолдаяқов Есіл ауданының Явленка ауылында тұрады, бес жылдан бері аудан мүгедектерінің қоғамдық бірлестігіне жетекшілік етіп келеді. Оның мамандығы – құрылыс инженері, көп жыл осы салада еңбек еткен. Қазкоммерцбанктің “Жұлдыздарға қарашы” қайырымдылық жобасының аясында қолға тиген грант қаржысына кәсіпкер құрылыс материалдары мен қажетті құрал-жабдықтар сатып алды.

– Өзіме жасалған көмектің арқасында жеке өз ісіммен айналысуыма, ауылдастарыма көмек көрсетіп, мүгедек жандарға қолайлы жағдай жасауыма мүмкіндік алып отырмын. Ол маған кәсіпкер ретінде әрі қарай дамуыма да септігін тигізеді. Демеушілік көмек көрсеткен компанияға шын көңілден алғысымды білдіремін, – дейді Кенесары Қасымұлы.

Оған құрылыс материалдарын сатып әперіп, көмек жасаған жеке кәсіпкер “Жақаев Қ.М.” компаниясы. Оның жетекшісі Қанат Жақаевты жерлестері қолы ашық қайырымды жан ретінде біледі. Оның 2011 жылы құрылған компаниясы ағаш материалдары өндірісімен және оны өткізумен, жүк тасымалымен айналысады. Бүгінде “Жақаев Қ.М.” жеке кәсіпкерлігі компаниясын өңірімізде ғана емес, одан тысқары жерлерде де жақсы біледі. Компания демеуқаржыландыру бойынша “Бизнестің Жол картасы – 2020” бағдарламасының қатысушысы болып табылады. Өз ісін жаңа бастаған мүгедек кәсіпкерге демеушілік көмек жасағаны үшін оған “Даму” қоры облыстық филиалының Алғыс хаты тапсырылды.

Гүлмира ЖАҚЫПОВА,

“Даму” кәсіпкерлікті

қолдау қоры” АҚ облыстық

 филиалының менеджері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp