Бесінші шақырылған облыстық мәслихаттың ХХХХІ сессиясы болды. Депутаттар жиналысында қаралған негізгі мәселе – “2016-2018 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының бюджеті туралы” облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 14 желтоқсандағы №40/1 шешіміне өзгеріс енгізу.
Халық қалаулыларының алдында облыстық қаржы басқармасының басшысы Ескен Әкімжанов егіннің шығымдылығын және өнімдерінің сапасын арттыруға бөлінген 2 млрд. 942 млн. теңгені ауыл шаруашылығы дәнді-дақылдарын өңдеуге арналған тыңайтқыштардың бағасын арзандатуға, асылтұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялауға бағыттау көзделіп отырғандығын жеткізді. Сондай-ақ, үстіміздегі жылы қардың қалыңдығы орташа көрсеткіштен жоғары болғандықтан, ғарыштық мониторинг және жару жұмыстарын жүргізуге, төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға қосымша 11,6 млн. теңге бағыттау да жоспарланған. Қаржы қажет етіп отырған осындай тағы да бірқатар салалар бар. Ескен Мырзахметұлы бұл мәселені “Мобилизациялық дайындық және облыс көлемінде мобилизациялану” бюджеттік бағдарламасына бағытталған қаржыны азайту арқылы шешуге болатынын айтты. Бұл ұсынысты депутаттар бірауыздан мақұлдады.
Сессияда депутаттар Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы туралы ережені де бекітті.
Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА,
“Солтүстік Қазақстан”.