1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні әлем елдерінде 1950 жылдан бері атап өтіліп келеді.
Балаларды соғыс қаупінен қорғау, олардың денсаулығын сақтау туралы шешім 1949 жылы Әйелдердің Халықаралық демократиялық федерациясының конгресінде қабылданған болатын .Жас ұрпаққа көп қуаныш сыйлайтын бұл күн сонымен қатар олардың құқығын қорғап, әлімжеттік, қысым жасамауға үндейтін, қоғамды кемтар, жетім, тұрмысы нашар отбасынан шыққан балаларды қорғауға, қолдауға шақыратын күн.