«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БҰЛ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

Қазақстан халқының өз болашағына деген сенімі, республикамыздың қазіргі замандағы өркениетті қауымдастықтағы іргелі елге айналуы стратегиялық негізгі бағыттар болып табылады. Ел тәуелсіздігі мен ұлттар бірлігінің негізі болып табылатын мемлекеттік тілімізді дамыту, қолданылу аясын кеңейту – бүгінгі күннің талабы.

Жас ұрпақтың қазақ тіліне сүйіспеншілігінің, Отанға деген патриотизмінің оянуы ата-ана тәрбиесімен тығыз байланысты. Кімде-кім өз тағдырын осы мемлекеттің тағдырымен мәңгілікке байланыстыруды ұйғарса, ол міндетті түрде қазақ тілін құрметтейді, оны игеруге ұмтылады деп есептеймін. Менің алға қойған мақсатым – мемлекеттік тіліміздің өркендеуіне сүбелі үлес қосу.

Біз – тәуелсіз Қазақстанның болашағымыз. Елбасы “Біз мемлекетімізді алға сүйреп, экономикасын көтеріп, озық отыз елдің қатарына қосыламыз деп отырғанда халқымыз, жастарымыз ағылшын тілін білмесе, қалай болады?” – деп, бізді ғылым мен білімнің тілі – ағылшын тілін оқуға шақырады.

Сондықтан үш тілді меңгергеніміз өте дұрыс. Бұл – уақыт талабы.

Уәлихан ЖАУКЕНОВ,

Ұлттық ұланның

Әскери институтының курсанты.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp