Облыстық аурухананың дәрігерлері Уәлиханов ауданының бәкі мен оттық жұтып қойған тұрғынына жедел хирургиялық операция жасап, аман алып қалды.
Оқыс оқиға 26 сәуір күні орын алған. Облыстық аурухананың медициналық қызметкерлері Уәлиханов аудандық ауруханасына санавиация арқылы жедел жеткізілді. Аурухананың көпбейінді орталығының басшысы Руслан Әбетов операция жасап, пациенттің ішінен бөгде заттарды алып шықты.
«1967 жылы туған ер адам отбасындағы шиеліскен жағдайға байланысты қатты эмоционалдық күйзеліске ұшырап, өзіне-өзі қасақана зақым келтірмек болған. Ол денсаулығына байланысты еш жерде тіркеуде тұрған жоқ. Қазіргі уақытта ауданық ауруханада жатқан науқастың жағдайы жақсы», – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Гүлнәр Сайлауқызы.