Қазақстан Республикасының төртінші жазғы спартакиадасы өз мәресіне жетті.
Артем Захаров, Сергей Власенко, Тарас Воропаев және Вадим Галеевтен құралған облыстық құрама командасы жалпыкомандалық есепте үшінші орынға ие болды. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Артем Захаров аталмыш сайыстың тректік кезеңінің “скретч” және “омниум” сайыстарында жеңімпаз атанған болатын.
(Өз тілшіміз).