«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ВИНЧЕНЦО НИБАЛИДІҢ ЖЕҢІСІ

“Астана” велошабандозы Винченцо Нибали Италияда өткен “Джиро ди Ломбардия” турының жеңімпазы атанды. 215 шақырымды 6 сағ. 16 мин. 28 сек. уақытта бағындырған италиялық әу бастан алға суырылып шығып, мәреге дейінгі шақырымдарды көш басында жүріп өткен.

“Катюша” командасының велошабандозы Даниэль Морено екінші болып келсе, үшінші тұғырға Тибо Пино (FDJ) көтерілді.

Айта кетейік, “Джиро ди Ломбардия” немесе “Ломбардия туры” – жыл сайынғы классикалық біркүндік веложарыс. Ол дәстүрге сай Италияның Ломбардия провинциясында өтеді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp