Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (“WBA”) барлық салмақ өкілдерінің рейтингін жариялады. Үздіктердің қатарында қазақстандық үш боксшы енді. Орта салмақтағы қазақстандық экс-чемпион Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) канадалық Давид Лемьеге (40-4, 34 КО) жол беріп, рейтингте екінші орынға жайғасты.
Тағы екі отандасымыз 15-ші орынға жайғасты. Олар – екінші орта салмақтағы Айдос Ербосынұлы және бірінші орта салмақтағы Нұрсұлтан Жаңабаев. Қос боксшы соңғы жекпе-жектерін былтыр 23 желтоқсан күні Мәскеуде өткізген болатын. Айдос төртінші раундта бельгиялық Илиас Ачергуиды жеңіп, “WBO Global” титулын иеленді. Ал Нұрсұлтан филиппиндік Арнел Тинампайдан басым түсіп, “WBC Asia” чемпиондық белбеуін қанжығасына байлады.
Қанат АТАМАНОВ, “Soltustik Qazaqstan”.