Петропавл қаласындағы Ұлттық ұлан әскери институтында “Институт барысы – 2016” турнирі өтті. Аталған жүлдені жеңіп алу үшін боз кілемге шыққан 32 балуан олимпиадалық жүйе бойынша белдесті.
Сайыстың қорытындысы бойынша төртінші оқу ротасының капитаны Самат Жапаров үшінші орынға табан тіресе, бірінші курс студенті Ержан Оразбек екінші орыннан көріне білді. Ал “Институт барысы – 2016” атағына үшінші курс студенті Дархан Дәулетов лайық деп танылды.
Жарыс жеңімпазы мен жүлдегерлерін институт бастығы, полковник Жұмабек Ахметов марапаттап, дипломдармен және медальдарды табыстады.
(Өз тілшіміз).