Ертең Петропавлда салауатты өмір салтын насихаттау шарасы өтеді.
Бұл мәдени-сауықтыру акциясы қарашаның 3-де Астана қаласында басталған болатын. Әркімнің өз денсаулығы үшін жауапкершілігін арттыруды мақсат еткен эстафета енді Қызылжар өңірінде жалғасын табады. «Сity MАLL» сауда-ойын сауық орталығында бұл күні азаматтар білікті мамандардың қабылдауында болып, денсаулығын тегін тексере алады. Тұрғындардың алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын қалыптастыру мақсатында шеберлік сағаттары, басқа да танымдық шаралар ұйымдастырылады.