Биыл «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы тарапынан жауапты науқан – көктемгі егіс және күзгі астық бастыру жұмыстарын қаржыландыруға 85,5 миллиард теңге бөлінді. Диқандарға «Кең дала» және «Кең дала – 2» бағдарламалары аясында жылдық 5 пайыздық мөлшерлемемен несиелер берілуде.
Күннің ерте жылынуына байланысты әр сәтті тиімді пайдалануды мақсат еткен өңір диқандары қарбалас шаққа бір кісідей жұмыла кірісіп кеткен. Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Дәурен Тоқужиновтың айтуынша, тұқым себілетін егістік танаптарына (4,4 млн. гектар) ылғал жабу шаралары толық жүргізілген. Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы техникаларының 97 пайызы дайын. Оларға 219 машина-трактор шеберханасы сервистік қызмет көрсетеді. Бүгінге дейін 12 миллиард теңгеге 365 техника сатып алынған.
Корпорацияның жергілікті филиалы 394 тауар өндірушімен келісімшарт жасасты. Жеңілдетілген несие мөлшері 61,1 млрд. теңгеге жуық», – деді Аграрлық несие корпорациясының облыстық филиалы директорының орынбасары Арман Салықов.
«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалы директорының орынбасары Наталья Левина ауыл шаруашылығы саласы көбіне ауа райына тәуелді болғандықтан күнбе-күн мониторинг жүргізілетінін, ылғал қоры жеткілікті екенін, кей күндері ауа температурасы төмендейтінін, дегенмен, сәуір айының үшінші онкүндігінде күннің ыситынын жеткізді.
Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА,
«Soltüstık Qazaqstan».