«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДОМОФОНДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТ ТАРИФІН КЕМІТТІ

“CYFRAL” жеке кәспкерлігі домофондық құрылғылардың қызметі үшін негізделген тарифті белгілеуге қатысты Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Монополияға қарсы инспекция нұсқамасын орындады.

Сөйтіп, аталмыш нарық субъектісінен қызмет алатын тұтынушылар үшін тариф 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап 219 теңгені құрайды. Жеке кәсіпкерлік қызмет төлемдерінің өткен кезеңдері үшін қайыра есептеу жүргізетін болады.

Сол сияқты инспекцияның “Народный домофон” ЖШС-і, “Домофон Петропавл Элит” ЖШС-і және ЖК Медведева А.О. (СҚ домофон) субъектілеріне қатысты шығарылған нұсқамалары сотта қарау кезеңінде тұр.

  (Өз тілшімізден).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp