Үстіміздегі жылы облыс бойынша жиналатын егіннің аумағы 3274,2 мың гектарды құрайды. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімдерінің 1 қазандағы жедел ақпараты бойынша 2729,2 мың гектар алқаптың егіні дестеге түсірілді, бұл – жиналатын алқаптың 83,4 пайызы. Шабылған астықтың 2523,8 мың гектары немесе 77,1 пайызы бастырылды. Жаңа орақтан 3766,3 мың тонна астық жиналды, гектар берекелігі 14,9 центнерден айналуда.
Егінді дестеге түсіруде Жамбыл (91,4%), Қызылжар (89,6%), Ақжар (87,3%) аудандары көш бастап келеді. Мамлют (76,2%), Шал ақын (77,1%) аудандары облыстың орташа деңгейінен аса алмай отыр. Астық бастыруда Уәлиханов (83,2%), Қызылжар (81%) аудандары жоғары қарқын танытуда, ал Шал ақын – (67,3%), Мамлют аудандары көшке ілесе алар емес.
Осы кезеңде 342,6 мың гектар алқаптың майлы дақылдары шабылды, бұл – жоспардың 57,4 пайызы, оның 116,0 мың гектары немесе 19,5 пайызы бастырылды. Майлы дақылдардан әзірше гектар басы 11,9 центнерден өнім жиналуда. 1 қазанға дейін 25,9 мың гектар алқаптың картобы мен 4,9 мың гектардың көкөнісі жиналды, олардан сәйкес түрде 185 және 257 центнерден өнім алынуда.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы.