«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕМДЕУ МЕКЕМЕЛЕРІ ЖӨНДЕЛУДЕ

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов Петропавл қаласының үстіміздегі жылы күрделі жөндеуден өткізіліп жатқан медициналық мекемелерін аралады.

Өңір басшысы алдымен облыстық балалар ауруханасына барды. Мекеме бір ауысымда 150 адамға дейін қабылдайды. 240 орындық стационар жұмыс істейді. Ауруханадағы күрделі жөндеу «Жұмыспен қамтудың – жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша жүргізілуде. Сәбилердің қалыптан ауытқуын зерттейтін және шала туған нәрестелер бөлімшесі толық жөнделуде. Терезелер ауыстырылып, қабырғалары, төбесі, едендері, жарық беру және санитарлық-техникалық жүйелері жаңартылып жатыр.

Мердігерлік ұйым – «СпектрСтройСервис» ЖШС-інің директоры Наталья Нагорная өңір басшысына бөлімшедегі жөндеу жұмыстарының барысы туралы айтып берді. Ерік Сұлтанов бұл жұмыстарды сапалы және уақытында тамамдауды тапсырды.

Одан кейін өңір басшысы екінші қалалық емханада болды. Онда 75 мың қала тұрғыны тіркелген. Емхана бір ауысымда 500-ден аса адамға қызмет көрсетеді. Науқастар 35 орындық күндізгі стационарда емделе алады.

Қазір емхананың сәулемен сараптама жасайтын кабинеті орналасқан тұрғынжайы жөнделіп біткен. Оған қаржы жергілікті бюджеттен бөлінді.

Биыл облыста барлығы 17 медицина мекемесі жөндеуден өтті.

Барлық нысандардағы жұмыстар уақытылы жүргізілуде. Әзірге сапасы ойдағыдай. Үстіміздегі жылы білім беру, денсаудық сақтау, мәдениет мекемелеріндегі жөндеу жұмыстары екі еседей арта түсті. Егер өткен жылы 50 мекеме жөнделсе, биыл олардың саны 97-ге жетті. Білім беру мекемелеріндегі жұмыстар 1 -ші қыркүйекке дейін тамамдалуға тиіс» – деді Ерік Сұлтанов.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp