Құлмақ (хмель) – шырматылып өсетін, ілмек тікендері бар көпжылдық шөп тектес өсімдік. Ұзындығы 10 метрдей. Сабағы ұзын, қарама-қарсы орналасқан жапырақтары жұмыртқа пішінді, үш ойықты немесе ойықсыз келеді. Жапырақ жиегінде ара тістері болады. Піскенде сары түсті гүл тозаңды көптеп шығарады. Көбінесе жазық жерлерде өседі.
Шөптің аналық гүл шоғын дәріге пайдаланады. Жаз бен күзде, гүлі толық ашылғанда үзіп алып, жас күйінде кептіріп, дәрі жасайды. Кермек дәмді, усыз болады.
Оны өкпе туберкулезі дертінде, 3-6 грамнан қайнатып, шай орнына ішуге болады. Кеңірдектің созылмалы қабынуына ұнтақталған құлмақтан 1 грамнан күніне үш рет екі ай бойы ішеді. Сыртқы жарақат қабынған кезде құлмақ майын жараның аузына жағады. Оны жасаудың әдістері: кепкен құлмақтың 3 г. 85 пайыздық 6 литр спиртке салады да, қалыпты температурада 2-3 күн сақтайды. Жоғары қысым арқылы сұйықтық мөлшері 2 литрге жетеді. Оған 400 г. өсімдік майын құйып, араластырып, дәкемен сүзеді. Пайдалану мөлшері – 1,5-4,5 г.