«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕРЕЖЕНІ ЕЛЕМЕГЕНДЕР

Облыстың тәртіп сақшылары жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жол апаттарының алдын алу мақсатында тексеріс жүргізіп, бір күнде қоғамдық көлік жүргізушілері тарапынан жасалған 134 заң бұзушылықты анықтады.

Олардың басым бөлігі жолаушы және жүк тасымалдау ережелерін бұзуға, заңсыз жабдықтауға қатысты. Кейбір жүргізушілер рөлде ұялы телефонмен сөйлесіп, жылдамдықты асырса, келесілерінің, тіпті, көлік басқаруға қажетті құжаттары да болмай шықты. Түркістан облысына бара жатқан автобустың жүргізушісі көлікке шамадан тыс жолаушы отырғызған. Бұл әрекеті үшін 43 жастағы жүргізуші жауапқа тартылды. Ал Петропавлдан Сарыағашқа бет алған автобуста алғашқы медициналық көмек көрсетуге қажетті дәрі-дәрмектің жоқ екені анықталды.

Динара САҒЫНДЫҚОВА,

облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің аға инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp