Қазақстан және Ресейдің өңіраралық форумына келген қонақтарға 120 ерікті қызмет етеді.
Форум сайтында 2 мыңнан астам қонақ тіркелген. Оларды қарсы алып, жол көрсетуге петропавлдық қыз-жігіттер іріктелген болатын. Үш тілді меңгерген жастар арнайы даярлықтан өтті. Кешеден бері еріктілер әуежай, вокзал, қонақүйлер мен мейрамханаларда өз қызметтеріне кірісіп кетті. Олар қонақтарға форум шаралары, өңір туралы мәліметтер беріп, ақпараттық көмек көрсетеді.