Қазақстан, Беларусь, Армения, Қырғызстан Республикалары мен Ресей Федерациясы аумағынан (аумағына) тауар шығаруды (енгізуді) жүзеге асырғанда, аумақтық статистика органдарына ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 3-інен кешіктірмей, орналасқан жері бойынша 1-КО “Кеден одағына мүше мемлекеттермен тауарлардың өзара саудасы туралы есеп” нысаны бойынша статистикалық есепті тапсыру қажет (“Мемлекеттік статистика туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 23 қазандағы №678 бұйрығымен бекітілген 2016 жылға арналған статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес).
Есепті заңды тұлғалар және (немесе) олардың құрылымдық, сондай-ақ, оқшауланған бөлімшелері, жеке кәсіпкерлер мен жеке тұлғалар тапсырады.
Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына дәйексіз деректерді ұсыну және алғашқы статистикалық деректерді ұсынбау “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Қазақстан Республикасы Кодексінің 497-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады.
Есеп бланкі www.stat.gov.кz сайты “Респонденттерге> 2016 жылға арналған статистикалық нысандар” айдарында орналастырылған.
1-КО нысаны бойынша есепті қағаз түрінде, сондай-ақ, электрондық түрде “On-line” режімінде тапсыру амалы бар. Статистикалық есептілікті электронды түрде тапсыру бойынша нұсқаулық Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің www.stat.gov.kz интернет-ресурсында “Респонденттерге> статистикалық деректерді электрондық түрде қабылдау” айдарында орналастырылған.
Статистикалық есептерді электрондық түрде “On-line” режімінде тапсыру үшін “Электрондық үкімет” (www.egov.kz) порталында және Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу веб-порталында қатысу үшін қолданылатын электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) пайдаланылады.
Кеңестер мен түсініктемелерді облыстық статистика департаментінде, Мир к-сі, 83, 108-кабинет (46-10-71 телефон нөмірі арқылы) немесе орналасқан жері бойынша аумақтық статистика органдарынан алуға болады.
Облыстық статистика департаменті.