
Қағазбек Нұрсейітовтің есімін Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланының жеке құрамы ерекше ілтипатпен еске алады. №6637 әскери бөлімінің сарбазы 1964 жылы Сергеевка қаласында түзеу мекемесінен қашып кеткен қауіпті қылмыскердің ізіне түсіп, құрықтауға тырысқан. Бірақ Есіл өзені арқылы жүзіп өтемін дегенде қаза табады.
– Бүгін 7 мамыр мерекесі қарсаңында сарбаз Қағазбек Нұрсейітовке арналған мемориалдық тақта ашылды. Біз батыр жауынгердің ерлігін мақтан тұтып, сарбаздар, офицерлер мен осы бөлімдегі жауынгерлер үлгі етеміз, – деді №6637 әскери бөлімінің 2-ші взвод командирі Руслан Сүлейменов.
Бұдан кейін жедел қызмет жауынгерлері жиылған қауымға әскери машықтарын көрсетіп, мектеп оқушыларына сарбаздардың казармасы таныстырылып, әскери қару-жарақ пен техниканың көрмесі ұйымдастырылды.
(Өз тілшіміз).
Суретті түсірген
Амангелді БЕКМҰРАТОВ.