«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ ел игілігін еселейді

Ел Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен БАҚ өкілдеріне арналған Еуразиялық экономикалық одақтың, индустрияландыру саясатының аспектілерін түсіндірудің технологиялық әдістеріне қатысты семинар-тренинг өтті. Бейне-конференц байланысы арқылы өткен жиынға еліміздің барлық өңірлерінің бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қосылды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы идеясы 29 мамырда жүзеге аспақ. Бұл күні одақты құру жөніндегі келісімге қол қойылады деп күтілуде. Семинар-тренингте интеграциялық одақтың маңызды аспектілері талқыланып, бұл мәселеге қатысты туындаған бірқатар жаңсақ пікірлер жоққа шығарылды. Мәселен, “Еуразиялық экономикалық одақ құрылғаннан кейін КСРО-ға қайта ораламыз немесе Қазақстан Ресейге бағынышты ел болады” дейтіндер баршылық. Еуразиялық экономикалық одақ са­я­­­си бірлестік емес, келі­сім­шарттың басты мақсаты тек эко­номикалық ынтымақтастық болып табы­лады. Мамандардың сөзіне сүйенсек, одақты құруда теңдік, теңқұқықтық ұс­таным қамтамасыз етіліп, барлық тарап­тардың ұлттық мүдделері ескерілмек.

Семинар-тренингте Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының жүзеге асуы барысы сөз болды. 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама ұлттық экономиканы әртараптандыру мен жаңғырту, инновация мен шағын және орта бизнесті дамыту ісіне тың серпін берді. Бағдарлама алдағы жылдары жаңа бағытта жалғасын таппақ.

Жадыра ЕСЕНГЕЛДІ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp