«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕҢБЕК – ӘЙЕЛ КӨРКІ

Соңғы жылдары облысымыз­да шағын және орта кәсіпкерліктің даму қарқыны жо­ғары. Әсіресе, кә­сіпкерлік саласында бағын сы­нап жүрген қыз-келіншектердің қа­та­ры қалыңдай түсуде. Атап айт­қанда, өңірде 30 мыңнан ас­там биз­нес субъектісі бар болса, оның 13 мыңын нәзік жандар бас­қарады. Бұ­дан бөлек, былтыр “Ең­бек” нәтижелі жұмыс­пен қамту жә­не жаппай кәсіпкерлікті дамы­ту­дың 2017-2021 жылдарға ар­нал­ған бағдар­ламасы аясында 32 кәсіпкердің жобасы қол­дау тап­са, соның 8-і әйелдердің үле­сінде.

Отбасының берекесі мен бірлі­гін сақтап, сүйікті жар, ардақты ана атанып, әрі заман талабына сай кә­сібін дөңгелетіп отырған нә­зік жандар аз емес. Ғабит Мүсіре­пов атындағы ауданның орталы­ғында алғашқылардың бірі болып қоғам­дық тамақтану орнын ашып, ха­лық­тың ықыласына бөленіп жүр­­­ген Раушан Мұстафина да сон­дай жандардың бірі. “Үздік кә­сіп­кер – 2017” өңірлік байқауында же­ңім­паз атанған Раушан Ахмер­қы­зының есімі ау­дан тұрғын­дарына жақсы таны­мал.
– Икемi бар адамды кәсіпке за­манның өзi бе­йiмдейді. Бәсеке­лес­­тік ортада көп еңбек­теніп, тә­жі­рибе жинақтауыма тура келді. Уа­қыт өте келе аудан орталығы тұр­ғындарының қолымнан іс ке­ле­тiнiне көздері жетті. Бұл бо­йым­дағы іскерлік қабілет пен өзіме де­ген се­німнің арқасы деп біле­мін. Соңғы жылдары қыз-келін­шек­тер­дің қоғам және отбасы ал­дын­дағы рөлі жоғары­лады. Ел эконо­микасының өсіп-өркендеуіне де нәзік жандар­дың қосып отырған үлесі аз емес, – дейді кәсіпкер.
Раушан Мұстафина ауыл мек­тебін бітір­ген­нен кейін кәсіптік-техникалық училищеге оқу­ғ­а тү­сіп, аспаз мамандығын меңгере­ді. Төртінші разрядты маман тоқ­саныншы жыл­дары “КСРО-ның 60-жылдығы” атындағы кең­шар­дың асханасында бас аспаз, Куй­бышев ет комбинатында аспаз-кон­дитер, кейін “Игілік” жеке кә­сіп­­керлігінде асхана меңгерушісі бол­­ған. Яғни, еңбекпен есейген.
Жеке кәсіпкер бүгінде ауылдастарын жұ­­мыспен қамтып қана қоймай, жергілікті тұрғындардың әлеу­меттік жағдайына да ерекше кө­ңіл бө­луде. Іскер әйел жарым­жан­дарға, көпбалалы отбасыларға және жалғызбасты қарттарға қол­дау көрсетуді игі дәстүрге айнал­дырған. Аудандық кәсіпкерлер па­латасының мүшесі жыл сайын “Мек­тепке жол” акциясына қатысады. Қарттар күнінде үлкендерге ар­нап дастарқан жайып, жергілікті коррекциялық мектептің оқу­шы­ларына қамқорлық көрсетеді. Был­тыр ала­қаны ашық жанның бұл еңбегі де еленіп, “Жо­март жү­рек” байқауының облыстық кезе­ңінде облыс әкімінің Алғыс хаты­мен марапатталуы жерлестері үшін зор мақтаныш.
Кәсіпкердің жұмысына жұбайы Елдар Аман­гелдіұлы мен қызы Ро­за көмектеседі. Бү­гінгі таңда Рау­шан Мұстафина iскер басшы, сү­йікті жар, аяулы ана ғана емес, сон­­дай-ақ, Тимур, Даниил және Әли есімді немере-жиен­дерін ба­ғып отырған асыл әже. Сон­дық­тан қайда жүрсе де, алдымен от­ба­сының аман­­дығын тілейді. Ауыл кәсіпкері алдағы уақытта тап­­сы­рыс бойынша тағам пісіріп, үйді-үйге жет­кізіп беру жобасын қолға алу­ды жоспар­лауда. Себебі, күн ұзаққа жұмыста жүретін қыз-келін­шектердің үйде бауырсақ, тоқаш және тағы да басқа тәттілерді пі­сіруге уа­қыттары бо­ла бермейді. Сон­дық­тан іскер жан бұл бас­та­масы­ның да сәтті болатынына сенімді.


Қанат АТАМАНОВ,
“Soltústik Qazaqstan.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp