«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕҢБЕКҚОР ЖАСТАР ЖАСАҒЫ

Өңірде «Ауыл» партиясы­ның 25 жылдығына орай «Сту­денттік жастар жасағы» жобасы өз жұмысын бастады. Сту­денттік жасақтар педагогика­лық, құрылыс, клининг және механизаторлық бағытта қыз­мет етпек. Мұндай науқан бүкіл ел көлемінде өтіп жатыр. Биыл жұмыс істеуге ынталы жастар­дың саны едәуір артқан.

– Бұл жыл елімізде Жұмыс­шы мамандықтар жылы деп жа­рияланды. Бұл бастама еңбек адамына құрмет көрсетіп, кәсі­би техникалық бағыттағы ма­мандықтардың маңызын артты­руға, жастарды практикалық кәсіпке баулуға бағытталған ма­ңызды қадам, – деді облыс әкімінің орынбасары Жүсіп Жұ­мағұлов.

Еңбек жасақтарының қата­рын толықтырған жастар шілде айынан бастап, оқу басталғанға дейін жұмыс істейді. Студенттер айына 150 мың теңгеден жоғары табыс таба алады. Бұл бір жағы­нан жұмысшы мамандықтардың беделін арттыруға септессе, екінші жағынан білім алушы­лардың жазғы демалысын пай­далы өткізуге мүмкіндік береді.

– Еңбек жасақтарының бірінің бағыты – механизаторлық. Онда тіркелгендер Ғабит Мүсі­репов атындағы ауданда жұмыс істемек. Ал құрылыс пен кли­нинг жасақтары қалада жұмыс істейді. Педагогикалық жасақ мектепте қызмет етпек, – дейді партия төрағасының орынбаса­ры Қайрат Айтуғанов.

Шырайлым НҰРҚАНОВА,

М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың студенті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp