«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жалдамалы пәтерлер тексерілді

Тәртіп сақшылары мен кәсіпкерлер палатасының өкілдері рұқсат етілмеген жерлерде жүргізілетін сауда-саттықты анықтау үшін рейдтік шаралар өткізуде.

Бұл іс-шараларды өткізуге қала базарларында сауда жасайтын бизнес субъектілерінен келіп түскен шағымдар түрткі болған. Себебі, “жабайы” сауда кәсіпкерлік саласында жосықсыз бәсекені тудырып қана қоймай, тез бұзылатын азық-түлікті тротуарларда, көшелерде саудалау тұтынушылардың денсаулығына қауіп төндіреді. Осы орайда облыс орталығындағы ірі сауда орындары – Коммуналдық базарға, Көтерме сауда орталығына, “Мұхит” сауда үйіне баса назар аударылды. Рейд нәтижесінде рұқсат етілмеген орындарда сауда жасағандардың үстінен он әкімшілік хаттама толтырылды.

Мәдина БАЛҒАШОҚОВА,

облыстық ішкі істер департаменті

баспасөз қызметінің жетекшісі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp