2013 жылдың соңына облыстағы көлік кәсіпорындарының теңгерімінде 333 жүк машинасы, 223 автобус, 11 такси болды.
Бір жүк автомобилінің орташа жүк көтергіштігі 10,5 тоннаны, автобустың жолаушы сиымдылығы 38 орынды құрады.
Автопаркті пайдалану коэффициенті (көлік құралдарының жұмыста болған уақытының кәсіпорында болған уақытына қатынасы) жүк автомобильдері үшін 34,0 (2009 жылы – 25,8), автобустар үшін 68,1 (63,2), такси үшін 89,5 (84,4) болып қалыптасты.
Жүк автомобильдерінің жалпы жүрген жолы 12380,6 мың км. құрады, автобустардың – 6187,7, таксилердің – 320,8 мың км. құрады.