Сенат отырысында депутат Владимир Волков жалған валюта мәселесін көтеріп, Премьер-министрге сауал жолдады.
Сенатордың айтуынша, биыл Қазақстанда 7,9 млн теңге сомасындағы 1451 жалған банкнот тәркіленген. Олардың көп бөлігі Алматы, Астана қалаларында, Қызылорда, Қарағанды облыстарында анықталған. Қазіргі заманауи технологияларды пайдаланатын криминалдық топтар жалған ақша жасауды кәсіби деңгейге жеткізгендіктен түпнұсқадан айыру барған сайын қиындап барады. Жалған ақша негізінен олардың жасандылығын анықтайтын құрылғы жоқ дүкен, базар және қоғамдық орындарда айналымда жүреді екен.