Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сарапшылары 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында көрсетілген қызметтердің сапасы мен көлеміне қатысты 460 мыңнан астам түрлі заң бұзушылықты анықтады. Медициналық ұйымдарға 4,6 миллиард теңге айыппұл салынды.
Заң бұзушылықтар арасында көбінесе жалған мәліметтер беру жиі кездеседі. Жарты жыл ішінде қор сарапшылары 11,6 мыңнан астам көрсетілмеген қызметтерді анықтады, олар ақпараттық жүйелерге енгізілді. Осындай заң бұзушылықтар үшін медициналық ұйымдарға 75,4 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.
Сонымен қатар сарапшылар көмек көлемін арттырып, аурудың диагнозын дұрыс көрсетпей, ауруханаға жатқызудан және медициналық көмек көрсетуден бас тартқан, іс жүзінде науқастарға берілмеген медициналық бұйымдар мен дәрілік заттарды тіркеп, бірреттік құралдарды қайта қолданған жағдайларды анықтады.
Қарлығаш ІЛИЯСОВА,
әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры облыстық филиалының бас сарапшысы