Петропавлдағы “UCMAS” менталды арифметика мектебінің оқушысы Әлихан Жүсіпов Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы – Дубайда өткен халықаралық жарыста жеңімпаздардың қатарынан көрінді.
Әлемнің 57 елінен барлығы 4 мыңға жуық балғын қатысқан сайыста 13 жасар Әлихан жүлделі 2-ші орынды иеленді.