Спортқа дарынды балаларға мамандандырылған облыстық мектеп-интернатта еркін күрестен 2001-2002 жылдары туған жасөспірімдер арасында облыс біріншілігі аяқталды. Боз кілемде 110 балуан белдесіп, кіл мықтыны анықтады.
Жалпыкомандалық есепте Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның спортшылары жеңістің бірінші сатысына көтерілді. Ал тайыншалықтар екінші болса, мамлюттіктер үздік үштікті түйіндеді.